
Бүгін колледжімізде Қазақстан Республикасының күніне орай «Жігер» студенттік парламентіне қабылдау салтанаты өтті!
Бұл маңызды шара – жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, бірлігін және өз колледжі мен Отанымыздың дамуына үлес қосуға деген ұмтылысын білдіретін ерекше оқиға болды.
Жаңа құрамдағы парламент мүшелері студенттердің мүддесін қорғауға, үлгі болуға және жастар бастамаларын жүзеге асыруға ант берді.
Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміздің өркендеуі жолында шабыт, жігер және жаңа жетістіктер тілейміз!